Астана қаласы әкімдігінің «№115 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бос лауазымға конкурс жариялайды «Бастауыш сынып мұғалімі»

Мекен-жайы:  Астана қ,  Нұра ауданы, Күлтегін, 18

e-mail: 115_keleshekmektebi@mail.ru

Байланыс телефоны: 87018070880

Функционалдық міндеттері

v Педагогикалық этика ережелерін сақтайды, білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытады;

v Сабақ кестесіне сәйкес сабақ және басқа да сабақтар өткізеді, оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;

v Белгіленген тәртіпте оқу құжаттарын жүргізеді, оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, журналға баға қояды;

v Оқу жылы басталғанға дейін бір рет пән бойынша орта мерзімді жоспар әзірлейді; тоқсан қорытындысы бойынша бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау жүргізеді.;

v Мекеменің жарғысын, ұжымдық шартты, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, сондай-ақ мекеменің жергілікті актілерін, мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін сақтайды;

v ҚР «Білім туралы» Заңында, Бала құқықтары туралы Конвенцияда қамтылған білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды.

 

Құжаттар тізімі

v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

v жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

v кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

v Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

v еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

v “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

v психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

v наркологиялық ұйымнан анықтама;

v сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.