Астана қаласы әкімдігінің «№115 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Салынған жылы: 2025
Жобалық қуаттылығы: 2000 орын
Мекенжайы: Астана қаласы, Күлтегін көшесі, 18
Оқушылар контингенті: 1-11 сыныптар саны – 4463, мектепалды даярлық сыныбы – 58 оқушы.
Сынып-комплектілер саны: 167, оның ішінде қазақ тілінде оқытылатын сыныптар – 100, орыс тілінде оқытылатын сыныптар – 67

Оқу ауысымы: 2 ауысым
Білім беру бағыттары: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық
Мектеп директоры: Рахметова Жұлдыз Куанышовна
Мұғалімдер контингенті: 214, оның ішінде әкімшілік-басқару құрамы – 7 адам
Мектеп қызметі орта білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама стандарты мен бірыңғай «Адал Азамат» бағдарламасын іске асыруға бағытталған.
Мектеп миссиясы: Қоғамның цифрлану үдерісі жағдайында заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдана алатын, жаһандық бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар (ЕББҚ) 57 балаға жағдай жасалған, инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді.

Ресурс сыныбы–ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға педагогикалық-психологиялы қолдау көрсетуге арналған арнайы білім беру ортасы. Кабинетте арнайы мамандарымен қатар педагог-ассистенттер жұмыс атқарады.

Оқушыларға жеке және топтық түзете-дамыту сабақтары өткізіліп, олардың танымдық қабілеттерін, оқушылардың психологиялық жайлығын қамтамасыз ететін қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастырады, сөйлеу тілін, зейінін, есте сақтауын және моторикасын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Ресурс сыныбының негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың білім алуына қолдау көрсету, олардың жеке мүмкіндіктерін дамыту және әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасау. Кабинет арнайы дидактикалық материалдармен, дамытушы ойындармен, көрнекі құралдармен, сенсорлық және әдістемелік құралдармен жабдықталған

Сенсорлық бөлме – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сенсорлық дамуын қолдауға және эмоционалдық жай-күйін реттеуге арналған арнайы ұйымдастырылған кеңістік.

Сенсорлық кабинеттің негізгі мақсаты – балалардың психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, сенсорлық қабылдауын дамыту және олардың жалпы дамуына қолайлы жағдай жасау.

 Кабинетте балалардың көру, есту, сезу және қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған түзете-дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Сенсорлық бөлме түрлі дамытушы құралдармен, жұмсақ модульдермен, жарық және дыбыстық құралдармен  релаксациялық элементтермен жабдықталған.

АФК (бейімделген дене шынықтыру) кабинеті – ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қозғалыс белсенділігін дамытуға және физикалық мүмкіндіктерін арттыруға арналған арнайы жабдықталған кабинет.

Кабинетте оқушылармен жеке және топтық жаттығулар өткізіліп, олардың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, тепе-теңдігін, икемділігін және жалпы моторикасын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. АФК кабинетінің негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, қозғалыс дағдыларын дамыту және олардың белсенді өмір салтына бейімделуіне жағдай жасау.

АФК кабинетінде гимнастикалық құрал-жабдықтар, массаж жолақтары, фитболдар, жаттығу кілемшелері және басқа да арнайы құралдармен жабдықталған.

Арнайы педагог-дефектолог кабинеті – ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға түзете-дамыту көмегін көрсетуге арналған арнайы ұйымдастырылған оқу кеңістігі. Кабинетте оқушылармен жеке және топтық түзете-дамыту сабақтары өткізіледі.

Кабинеттің негізгі мақсаты – оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың білім алуына қолдау көрсету және әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектес

Сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын, ойлауын, сөйлеу тілін, сондай-ақ ұсақ және жалпы моторикасын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Кабинет арнайы дидактикалық материалдармен, дамытушы ойындармен, көрнекі құралдармен және әдістемелік жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Логопед кабинеті – сөйлеу тілінде түрлі бұзылыстары бар оқушыларға түзете-дамыту көмегін көрсетуге арналған арнайы ұйымдастырылған кабинет.

Кабинеттің негізгі мақсаты – оқушылардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерін түзету және олардың толыққанды қарым-қатынас жасауына жағдай жасау.

Кабинетте логопед маманы балалармен жеке және топтық сабақтар өткізіп, олардың дұрыс дыбыс айтуын қалыптастыру, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру бағытында жұмыс жүргізеді.

Логопед кабинеті айна, артикуляциялық жаттығуларға арналған құралдар, дидактикалық материалдар, көрнекіліктер және дамытушы ойындармен жабдықталған.

Астана қаласы әкімдігінің  «№115 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ жоғары кәсіби әлеуетімен және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы белсенділігімен ерекшеленеді. Мектепте 215 педагог жұмыс істейді, олардың 98%-ы жоғары білімді, 41-і ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр, 6 педагог (2%) орта-арнаулы білімге ие. Мұғалімдердің біліктілік санатының жоғары үлесі кадр құрамының мемлекеттік талаптарға сай екенін және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмысты дәлелдейді. Мұғалімдер функционалдық сауаттылық, білім беруді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелеріне арналған халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысты. Мектеп оқушылары аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық байқауларда жоғары нәтижелер көрсетуде.. Білім сапасы – 67,2%. 2025-2026 оқу жылында 1 түлек «Алтын белгі» үміткер, 5 түлек – үздік аттестат алды. Білім сапасының тұрақтылығы пән мұғалімдерінің жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар мектеп жұмысына қатысты мәселелер де бар. Негізгілері — бастауыш және орыс тілінде оқытатын орта буын сыныптарының тығыздығының артуы, бұл оқу кабинеттері мен педагогтерге түсетін жүктемені көбейтеді.